Өтетін орны:
Отпан тарихи-мәдени кешені
Өтетін уақыты:
13-14 наурыз 2018 жыл
Шараға шақырылатын қонақтар:
Мәшһүр – Жүсіп мұражайының қызметкері;
Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің өкілі;
«Бекет Ата» кесенесінің өкілі «Ақмешіт» кесенесінің өкілі;
«Әзірет – Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің өкілі;
«Хан ордалы Сарайшық» музей-қорығының өкілі;
«Қорқыт Ата» мемориалды музейінің өкілі;
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени табиғи қорық мұражайының өкілі;
Интеллигенция өкілдері;
Республикалық жыр мектептерінің өкілдері мен «Мен қазақпын» мега жобасының жүлдегерлері.
13 наурыз
сағ. 9.00-12.00. «Қарашаңырақтың», Ақсарай ғимаратының, автотұраққа, «Қалнияз ата» алдындағы алаңқайға (бататөбе) киіз және темір үйлерді тігу. Орталық сахна қойылып, безендіру (банер ілінеді);
сағ. 12.00. Аударыспақ (70 кг, 80 кг, 90 кг, 90+ кг салмақтар бойынша);
сағ. 14.00. Аламан бәйге (25 шақырым);
сағ. 15.00. Құнан жарыс (9 шақырым). (Шетпе селосының атшабар алаңында);
сағ. 16.00–18.00. Республикалық жыр мектептерінің өкілдері (Жетісу, Арқа, Сыр, Батыс, Алтай-Тарбағатай мектептері) мен «Мен қазақпын» мега жобасы жүлдегерлерінің қала, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы;
сағ. 16.30. «Амал мерекесі – рухани жаңғыруымыздың жаршысы» атты дөңгелек үстел.
сағ. 17.00–20.00. «Армысың, Амал!» облыс жыршыларының және дәстүрлі әнші, жыршылар А.Көмеков, А.Елшібаева, Ә.Сарин, Ш.Сүлейменов, Н.Жанаманов, Ө.Айниязовтың қаты суымен жыр кеші. (Қарашаңырақта)
сағ. 18.00-20.00. Алтыбақан жанындағы жастардың мерекелік шарасы (Түпқараған, Қарақия, Бейнеу аудандары «Алтыбақан» этнографиялық ұжымдарының қойылымдары);
сағ. 20.00. Мәшһүр – Жүсіп мұражайының қызметкері – А.Пазылов, Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің өкілі – А.Омаров, «Қорқыт Ата» мемориалды музейінің өкілі – А.Бегалиев, «Ақмешіт» кесенесінің шырақшысы – И.Мырзабекұлы, «Әзірет – Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің өкілі – А.Мырзабеков, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени табиғи қорық мұражайының өкілі – Б.Қожахметов, «Хан ордалы Сарайшық» музейқорығының өкілі – Ж.Ғизатов, «Бекет Ата» кесенесінің шырақшысы – Т.Сәулеұлы және Құнанорыс ата ұрпақтарының қатысуымен «Бірлік отын» жағу рәсімі.
14 Наурыз
сағ. 9.30-10.00. Қонақтарды қарсы алу;
сағ. 9.30-11.00. Бейнеу ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы;
сағ. 11.00-11.30. Мерекенің ашылу салтанаты, пролог, облыс әкімі Е.Тоғжановтың құттықтауы, марапаттау;
сағ.11.00-13.00. Республика қолөнершілерінің және Ақтау қаласындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің көрме-жәрмеңкелері;
сағ. 11.30-12.30. «Шашу боп жырым шашылсын» Республикалық жыр мектебі өкілдерінің концерті мен «Мен қазақпын» мега жобасы жүлдегерлері, дәстүрлі әншіжыршы А.Көмеков, А.Елшібаева, Ә.Сарин, Ш.Сүлейменов, Н.Жанаманов, Ө.Айниязовтың қатысуымен концерттік бағдарлама;
сағ. 12.30–14.30. М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағдарламасы. (Орталық сахна);
сағ. 11.00. «Аялы ағаш – саялы» тал отырғызу акциясы. (Бата төбе);
сағ. 09.30–11.00. Түпқараған ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы;
сағ. 11.00–12.00. Мұнайлы ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы. (Ақсарай);
сағ. 09.30–10.30. «Отпан» фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасы;
сағ. 10.30–11.30. Қарақия ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы;
сағ. 11.30–12.30. Түпқараған ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы;
сағ. 11.00–14.00. Ұлттық спорттық ойындар жарысы;
сағ. 11.00–14.30. Ұлттық спорттық ойындары: қазақ күресі 80 кг-ға дейін және түйе палуан белдесуі.
сағ. 12.00. Кір тасын көтеру.
сағ. 13.00. Қой көтеру.
Ұлттық спорттық ойындарының жүлдегерлерін марапаттау жарыс соңынан өткізілген жерлерде тапсырылады. (Қарашаңырақ).