Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақта ағайын мен бауырға, жалпы халыққа қол созатын игі Асар деген бастамалы салт болған.
Қайтарымсыз түрде жүргізілетін бұл көмек түрін қаржылай да, жұмыс күшімен де көмек етіп ұйымдастыра білген қазақ жақынының жаны қысылса ғана емес, ауылдас, таныстың жаны қысылса, жылу жинап, асарлатып, талай мәселенің түйінін тарқатқан. Үй салса, кірпіш бергендер кірпішін, қаржысын бергендер қаржысын, тасын қалағандар тасын көтеріп, ағайынның арасындағы туыстық бекіп, жалпы қазақ арасында бауырмалдық пен адами құндылықтағы қарымқатынас нығая түскен. Осылай ұйымшыл да ұлы қазақ ұрпақтары сабақтасып, ұрпаққа беріліп отырған салт жалғасқан. Алайда, бүгінгі нарықтық заман қарақан басты ойлауға ғана мұршалатып, көпшілдіктен өзімшілдікке ойысып, асарлату әр жерде ғана ұйымдастырылып жүр. Оның дәлелі сонау жылдарда облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы ұйымдастырған «Асар» бағдарлама күнделігі болатын. Осы бастаманы облыста қайта жаңғыртып, елге үндеу тастап, игі іске ұйысуға шақырған Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасы әлеуметтік желіде қызу талқыдан бұрын қолдау тауып жатыр. Бұл тұрғыда аймақта бастау алған «Асар» қайырымдылық акциясына жастардың алды болып «Ақ жол жастар» жастар қанаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған от басыларға арнайы көмек берді. «Балаларға базарлық» деген атпен жалғасын тапқан аталмыш ұйым акциясы да осы бастама аясында облыстық ауруханада ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында ауруханада жатқан бала қайларға қуаныш сыйлаған акцияда Аяз ата мен Ақшақар балалар қуанышына куә болды.
Аймақ қолдап отырған акциядан түпқарағандықтар да тыс қалған жоқ. Іле қолдап, аудандағы Жалау Мыңбаев атындағы мектепгимназиясы үйден оқитын оқушыларды Аяз ата, Ақша қармен Жаңа жыл мерекесінде үйлеріне арнайы барып құттықтады. 50000 теңгеге жаңа жылдық тәттілер мен сыйлықтар үлестірген «Асар» қайырымдылық акциясы барысында қолдау көрсетіп, демеушілік көрсеткен мектеп ұжымына ата-аналар алғыстарын жаудырды.
Сонымен қатар, аудандық «Ақкетік арайы» газетінің де «Баспасөзге жазылу-2018 жыл» науқаны кезінде бірнеше ардагерлер мен мүгедек жандарға, аз қамтылған отбасыларға аудандық газетті жазып беруге демеушілік көрсеткен жомарт кәсіпкерлерге де акция латпаса да, асарлата аудан оқырмандарына қолдау білдірді. Ауданның бірнеше жыл үзіліспен үнпарағы болмаған, төл газеті Тәуелсіздікпен қайта түлеген аудан баспасөзінің оқырмандар қауымын жоғалтпауына, рухани қазына болып саналатын газеттің оқырман қауыммен қауышуына көрсеткен көмектері үшін асарлатқан «Түпқараған су жүйесі» мекемесіне, «Түпқараған электр жүйесі» мекемесі мен «Каспий коммуналдық» шаруашылық мекемесі басшыларына, азаматтық сектор өкілдері Түпқараған аудандық азаматтық бастама жетекшісі Гүлсім Рамашеваға, «Түпқараған жастары» ҚБ директоры Наурызбек Мағдатовқа, «Әсемай» сауда дүкені иесі Альфия Тәжіғалиева сынды бір топ кәсіпкерлерге редакция және осы кісілер арқылы тегін жазылған жазылушылар алғысын білдіреді!
Алдағы уақытта асарлататын азаматтар көбейіп, елдегі ағайынға арқау болып, үй салып, ауруынан айығуға көмектесіп жатса, бұл «Асар» акциясы заман талабына сай дәстүрдің озғаны болар еді. Елім деген ерлері бар ел әлі асарлата жақсылық жасап, жарысатынына сенеміз!
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Тағы оқыңыздар: Жаңаөзендік іскер әйелдер бас қосты