Тамыз айының соңында ақтау тұрғындары мен қонақтарына теңізде катамарандармен серуендейтін мүмкіндік туады.
40 адамға арналған саяхат турларының міну аялдамасы – 14А шағын ауданынан басталмақ. Қазіргі уақытта 14А шағын ауданындағы «I love Aktau» жазуы бар алаң жанынан катамаран жаңа айлақ құрылысы салынып жатыр.
Кәсіпкер Сергей Ворожейкинның айтуы бойынша, катамаран тайландтық жобамен Астраханьда жасалған. Олардың саны үшеу: «Натали», «Лагуна» және «Оазис». «Натали» және «Лагуна» турлар үшін қолданылса, «Оазис» жеке тапсырыс берушілерге арналған.
«Билеттің құны 1000 теңге деп белгіленді. Бұл қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді», – дейді «ГУНА-Актау» ЖШС басшысы Наталья Ворожейкина.
Айта кетейік, Каспий теңізіндегі саяхат 1 сағатқа созылады екен.
Жобамыз өткен жылы құны 80 миллион теңге туризм саласындағы «Саяхат» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Біз «Даму» қорынан 7,8% жылдық мөлшерлемемен несие алып отырмыз. Катамаранға жолаушы өзімен бірге сусын, тағамды алып кіре алады. Отырып тамақтану үшін арнайы үстел, орындықтары бар , - дейді Сергей Ворожейкин.
Серуендеу турлары жыл сайын мамыр айының басынан қазанның ортасына дейін жалғасады. Ауа райына байланысты турлар маусымы өзгеруі мүмкін.
Айгүл ДӘДЕН