©
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №426 Жарлығымен Түпқараған аудандық сот төрағсы қызметіне Туржанов Нуртуган Прекешович тағайындалды.
2011 жылдан бастап Маңғыстау облыстық сотының судьясы қызметін атқарып келген Нұртуган Тұржанов 1965 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласы, Совет ауылында туылған. Ұлты - қазақ. Білімі- жоғары. Талдықорған заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Заңгер біліктілігі бар.
Еңбек жолын заң саласында 1997 жылы Тараз қаласының Завод аудандық прокурорының көмекшісінен бастап, 1998 жылы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, 1999 жылы Тараз қаласында Атқарушылық өндіріс және сот қаулысының заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, 2000 жылдары Тараз қаласының аға прокурорының көмекшісі, 2002 жылдан бастап Тараз қаласы прокуратурасының тергеу және анықтау, заңдылықты кадағалау бөлімінің аға прокуроры, Тараз қаласының әкімшілік және азаматтық істердің атқару өндірісі және сот қаулысының заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, Тараз қаласының әкімшілік және азаматтық істердің атқару өндірісі және сот қаулысының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры қызметтерін атқарған.
2003 жылдан бастап Жамбыл облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бойынша мәселе прокурор көмекшісінің міндетін атқарушы, Жамбыл облысы прокуратурасының азаматтардың шағымдарын қарау бойынша прокурор көмекшісінің міндетін атқарушы, Жамбыл облысы прокуратурасының азаматтарды қабылдау және өтініштерін қарау, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлім басшысы қызметін атқарады.
2011 жылы Маңғыстау облысында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының судьясы, Маңғыстау облыстық сотының судьясы қызметінде болады. Түпқараған ауданы сотының төрағасын таныстырған жиын Түпқараған ауданы әкімдігінде өткен болатын. Жаңа төраға дүйсенбіден бастап жұмысқа кірісті.
Милана ЕЛЕУСІНОВА