©
Тәжіхан Ізтұрова өзінің кәсіптегі бастауын мал шаруашылығымен айналысудан бастаған. Мамандығы – дәрігер. Өз мамандығынан қол үзгісі келемген ол кәсіпкерлікті мамандығымен байланыстыурды қолға алады. Сонымен қатар, халықтың 70 пайызы жеке меншік емханаларға қаралатынын статистикалық мәліметтерден білгеннен «болашақта медицина жекеге өтеді. Жекедегі медицина үшін мемлекеттік тапсырыстар бар. Ол тапсырыстарға қатысу арқылы халыққа қызметін үйлестуруге зор мүмкіндік бар» деп, өзі тұрып жатқан Ақшұқыр ауылынан жеке медициналық мекеме ашуды қолға алады.
Күні кеше аядай ауыл — Ақшұқыр бүгінде қанат жайып, қарыштап дамуда. Күн санап жаңа құрылыс бой көтеріп, жаңа кәсіп іске қосылып жатады. Дәл осы Ақшұқыр ауылы ауданнан алыс болғанымен облыс орталығына ең жақын ауыл. Сондықтан да бизнесте жолы болған ауыл деуге болады. Жаңалықты алды болып, жүзеге асырады. Олай дейтін себебіміз, ауыл бойынша бүгінде 300 –дің үстінде кәсіп қызмет көрсетуде. Сондай кәсіптің ішінде бәріне ұқсай бермейтін бір кәсіп – медицина қызметі. Халық басы ауырып, балтыры сыздағанда алдымен дәрігер іздейтіні белгілі. Соның ішінде қалтасын қақса да алдымен ақылы медициналық көмекке жүгінетіні тағы да шындық. Дәл осы қажеттілікті дер кезінде түсініп, ұтымды пайдалана білген Тәжіхан Ізтұрова жеке кәсібінде 10 адамға жұмыс құрып, өз ісін ілгерілетіп отыр. Жақында ғана кальпоскоп деген құрылғы алдырып, қондырып, облыс орталығынан дәрігер алдыртып, оқытылып алған мамандарымен халыққа қызмет көрсетуді бастапты. Бұндай құрылғы Тәжіхан апаның айтуынша облыста тек ғана 2 клиникада бар екен. Ақтау қаласындағы клиникаларың екеуінде ғана бар бұл құрылғыға түсу бағасы екі есеге жуық арзан көрінеді.
Кәсіпте өз істерінен ләззат ала, өз отбасының ошағында теңгесін түгендеп отырған кәсіпкер Тәуелсіздіктің таңы берген тәңір сыйына шүкіршіліктерін айтудан танбаған.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Сурет сайттың архивінен