Бүгін волонтерларға арналған «Бенефициарлармен өзара әрекеттесу: табысты коммуникация» семинар-тренинг өтті. Шара волонтерлардың ақпаратты қол жетімді және нақты жеткізе білуге, коммуникация дағдыларын үйретуге бағытталды.
Семинар-тренинг барысында еріктілер ситуациялық тапсырмалар орындап, командалық жаттығуларға қатысты. Сонымен қатар волонтерлік қызмет барысында азаматтармен тиімді коммуникация құру жолдары туралы ақпарат беріліп, тілдесу манерасы, сөз сөйлеу әдіс-тәсілдерін қолдану технологиясы таныстырылды. Нәтижесінде 30-ға жуық волонтер біліктілігін арттырды.
Сондай-ақ қатысушылар тұрмыстық мәселелер де, қызмет бабында да swot-сараптама жасап үйренді. Демек, олар жағдайды толық қабылдап, жағдайдың әлсіз және күшті жақтарын, артықшылақтары мен кемшіліктерін сараптауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Qazaqstan Jastary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.