Маңғыстауда шаңды дауыл күшейе түсті. Бүгін оңтүстік-шығыстан 15-20 м\с жел соғып жатыр. Кей жерлерде шаңды дауылдың күші 23-28 м/с жеткен. Дауылды желден қалай қорғану керек, жел қаупі туған кезде не істеу керек. Осы сұрақтарға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жауап берді.
«Алдымен балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекітіп, бөлмеге кіргізу керек. Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, бақылауға алыңыз. Қатты жел кезінде үйдің жанында тұрмаңыз. Себебі шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін», - дейді мамандар.
Сондай-ақ ертең, 18 наурыз күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, кей жерлерде шаңды дауыл болатынын ескертуде. Оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа ауысатын жел соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 17-22 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Ал Ақтау қаласында түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-18 м/с болуы ықтимал.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА