Облыста талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы қолға алынды
[ 2019 ] 26 қараша, 07:40 | Экономика
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 2,9% өсіммен 445 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сонымен қатар 29 млрд теңге көлемінде 10 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 жоба толықтай іске қосылып отыр.
«АқтауТеңізПорты» арнайы экономикалық аймағында «Satex Chemi» битум эмульсиясы негізінде гидро-оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт іске қосылды. «BEST-Group NS» ЖШС жел электр стансияларын салу жобасын сәтті орындады. Өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін метанол мен олефин өндіретін зауыт пен Әзірбаймен бірлескен талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы қолға алынды. Жалпы құны – 1,8 млрд АҚШ доллары», - деді облыс әкімі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
1278
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.