"Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып Абиесов Жомарт тағайындалды.
Абиесов Жомарт Амангелдіұлы 1975 жылы 18 тамызда дүниеге келген.
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Сингапур ұлттық университеті жанындағы ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің магистратурасын тәмамдаған.
Ол бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, «Самұлық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Сурет "Каспий" ӘКК сайтынан алынды