Өңірімізде жергілікті бюджет неғұрлым ашық болуы керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұратын бюджеттің жоспарлануы мамандарға ұғынықты болғанымен, қарапайым халық оны түсіне бермейді. Сондықтан мұндай ақпараттар бюджетке салық төлеп отырған жалпы көпшілікке түсінікті және ашық түрде жарияланып тұрғаны абзал. Облыс орталығында «Қазақстанда жергілікті бюджеттің ашықтық индексі-2016» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде осындай ортақ пікір айтылды.
Бұған дейін «Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қорының аталған тақырып бойынша зерттеу жүргізген болатын. Маңғыстау облысы бойынша сарапшы ретінде тартылған «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова басқосуға жиналғандарды зерттеу нәтижелерімен таныстырды.
- Зерттеу барысында негізгі басымдық ашық ақпарат көздері – баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті уәкілетті органдардың интернет-сайттарындағы маңызды бюджеттік ақпараттың бар немесе жоғын анықтауға бағытталған болатын, - деді ол. - Қазақстан өңірлері бойынша орташа баға 40 баллды құрады. Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі жергілікті өз бюджеті бар облыс, республикалық маңызы бар қалалардағы бюджеттік процесстердің деңгейін өлшеудің мықты құралы болып табылады. Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі мынаны көрсетеді: Жалпыға қолжетімді бюджеттік ақпараттың күнделікті режимде белгілі бір деңгейінің болуы. Жұртшылықтың бюджет процесіне қатысу тәжірибесі; бюджет пен бюджет процесін танымал ету мақсатындағы мемлекеттік органдардың белгілі бір аумақта жүргізетін қызметі; бюджетті танымал ету жөніндегі БАҚ-ның бастамасы.
Қазақстан аймақтарының индексі тек республика бойынша бюджеттік процестегі айырмашылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар жергілікті басқару органдарын ақпараттың жариялылығын арттыруға, сондай-ақ бюджет қаржыларын жұмсау тиімділігін арттыруға құлшындыруға мүмкіндік береді. Индекс сонымен қатар қандай өңірлер өз азаматтарына бюджет процесіне қатысуға көбірек мүмкіндік беретінін анықтауға жол ашады. 2016 жылы негізгі нәтижесі Қазақстан Республикасының барлық 16 әкімшілік-аумақтық бірлігінің, атап айтқанда 14 облыс, елордамыз Астана және республикалық маңызы бар Алматы қаласының индексін анықтауға зерттеу жүргізілді. Индекс жергілікті деңгейдегі бюджет процесінің ашықтығы деңгейін бағалау жөніндегі әзірленген арнайы анкетаның сұрақтарына сарапшылардың берген жауаптарына негізделген. Анкета түрлі нұсқалары бар 60 сұрақтан құралған, соларға сәйкес балл да есептелді. Анкетаның сұрақтары мен жауаптары азаматтардың бюджеттік процеске қолжетімділігі мен жұртшылықтың бюджет процесінің түрлі кезеңінде қатысу мүмкіндігін сипаттайды. Индекс кезеңі — 2016 жылы жүргізілген бюджеттік қатынастар болды. Анкета төрт бөлімге бөлінді. Олар жергілікті деңгейдегі бюджет процесі кезеңдерінің ашықтығын, атап айтқанда: бюджет жобасын жоспарлау мен әзірлеу; бюджетті қарау мен бекіту; бюджетті орындау мен бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есепті анықтайды.
Зерттеу нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары 73 және 62 балл құрады. Бұл - 14 облыс, Алматы мен Астана қалалары ішінде ең жоғары көрсеткіш. Маңғыстау облысы – 34 балл алса, ал басқа Батыс өңірлерімен салыстыратын болсақ Ақтөбе облысы 35 балл, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары 34 баллдан иеленді.
Маңғыстау облысы келесі параметрлер бойынша: бюджет жобасын жоспарлау мен жасақтау процесінің ашықтығы бойынша 19 баллға, бюджетті талқылау және бекіту процесінің ашықтығы жөнінен 36, бюджетті игеру процесінің ашықтығы бойынша 40 баллға бағаланды. Бағалау нәтижесі бойынша Маңғыстау облысында жергілікті органдардың қоғамға бюджет және қаржы қызметі туралы ақпараттың аз көлемде жариялайтыны анықталды. Жергілікті бюджет индексінің ашықтығы жоғары болса, тұрғындарда мемлекеттік органдардың бюджетті қалай, қайда жұмсап жатқанын көруге, бюджеттік процеске қатысуға мүмкіндік болар еді.
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Лаура Асырова, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрайымы Никар Рафикова және басқа қатысушылар сөз сөйлеп, өз ой-пікіпрлерін ортаға салды, жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін арттыру жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті әкімшіліктерге берген ұсынысы төмендегідей:
Қоғамды бюджеттік процесстердің барлық деңгейлерінде қатыстыру қажет; Бюджеттің игерілуі туралы өткізілген бақылау мен мониторинг, мониторингтік шаралалар нәтижесі бойынша жасақталған есептерге жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету керек; ҮЕҰ бірлесіп бюджеттік процестердің ашықтығын іске асыру бойынша жоспар жасақталуы тиіс; Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде есептің қысқа танымал нұсқасын жасақтау және жария ету; Кез келген сала бойынша бюджеттің жұмсалғаны туралы ақпарат қамтылған әр бір азамат қолдана алатын ахуалдық орталық ашу немесе интерактивті картасын жасақтау қажет.
Сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері жергілікті мәслихаттарға да ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, олар мынадай:
Тағы оқыңыздар: Маңғыстаудың Құлбарақ батырыБюджет жобасын, сондай-ақ бекітілген бюджетке түзетулерді талқылау кезінде депутаттар енгізген ұсыныстар (ұсынылған және енгізілетін) жайлы толық ақпаратты, сонымен қатар бюджеттік процестер бойынша маслихаттың тұрақты комиссиялар жұмысын жария ету; Мәслихаттың сайтында сайлаушылардан түскен проблемалық сұрақтар мен оларды бюджет қаражаты арқылы шешілгені туралы ақпараттарды жария ету; Бюджетті бекіту кезінде жұртшылыққа ақпаратты алдын ала белсенді тарату; Жұртшылықтың пікірін ескеру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізу; Қоғамдық дискуссиялар мен пікір алмасу барысында жаңа технологияларды пайдалану (әлеуметтік желілер, маслихат депутаттарының блогтарын жүргізу, маслихаттардың сайттары); Бюджеттік саясаттың нәтижесіне жету мақсатында ҮЕҰ монитринг жүргізуге тарту; Жыл сайынғы бюджетті қалыптастыру және өңірді дамыту бағдарламаларында жұртшылықтың пікірін ескеру мақсатында тұрғындардың қажеттілігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу.
ҮЕҰ-ға берілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарына да толықтырулар енгізу жөнінде де ұсыныстар болды. Тапсырысқа қосылуы керек деп ұсынылған тақырыптар: бюджеттік ашықтық бойынша мониторинг; Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңның жүзеге асырылуына азаматтардың қатысуына ықпал ету; Жергілікті қауымдастықтар мүшелерін жергілікті өңірлердің даму жоспарын жасақтауға қатыстыру. Сонымен қатар БАҚ, ҮЕҰ өкілдерін қаржылық бюджеттік сауаттылық бойынша оқытулар ұйымдастыру да назардан тыс қалмады. Бюджеттік саясат пен бюджеттік басымдылықтар бойынша талқылаулар өткізу; Салалық басқармаларға аталған сала бойынша талқылаулар мен бірлескен шешімдерді жасақтауға ҮЕҰ тарту; Мемлекеттік органдарга жергілікті жерлерде бюджетті жоспарлау барысында бюджеттік ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету қажет, ол өз кезегінде мемлекеттік органдардың қызметін қоғамның қажеттілігіне қарай негіздеуге мүмкіндік береді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА