©
«Нұрлы жер» бағдарламасымен үй алу үшін қазақстандық отбасы 150 мыңнан 200 мың теңгеге дейін табыс табуы тиіс. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов мәлімдеді, - деп xабарлайды Baq.kz. «Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының саны 1 миллионға жуықтады. Биылғы жылмен салыстырғанда былтыр бұл көрсеткіш 250 мыңға аз болды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша өңірлерде баспана құнын 1 шаршы метрге 140 мың теңге, Алматы, Астана, Атырау мен Ақтауда 180 мың теңге деп есептедік. Мәселен, 50 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер өңірлерде 7 миллион теңге, ал қалған төрт қалада 9 миллион теңге болады. Ай сайын 50-70 мың теңгеден төлеп отыру, меніңше, орташа табысы 150 мың мен 200 мың теңге аралығында болатын отбасы үшін жақсы. 7-10 жыл аралығында пәтердің құнын төлеп бітіруге болады», - деді Марxабат Жайымбетов. Бұл жерде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үміткер бола алатын несиеге берілетін баспана туралы сөз болып отыр. Жайымбетовтің айтуынша, 15 жыл бойы әр жылда бұл бағытта 15 мыңнан 20 мыңға дейін пәтер салынады. Нәтижесінде шамамен 300 мың пәтер тұрғызылады. Баспана алу үшін бастапқы жинақ пәтер құнының 30%-ы көлемінде болуы тиіс. «Бұл мақсаттарға қыруар қаржы бөлінеді. Жыл сайын біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне осы мақсаттарға 24 миллиард теңге бөлеміз», - деді ол. Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз: «Нұрлы жер» бағдарламасы жайлы не білеміз? Маңғыстаулықтарға «Нұрлы жер» қайдан бұйырады?