©
Облыс әкімдігінде 15-қараша — Ұлттық валюта — теңге күні құрметіне өңіріміздегі мемлекеттік органдардың ардагер қаржыгерлерін құрметтеуге арналған салтанат болды. Қаржыгерлерге құтты болсын айтқан облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова облыс әкімдігінің ардагерлерді назардан тыс қалдырмай, құрмет тұтатынын атап өтті. - Аға ұрпақ салған сара жолды олардың жетістіктерін ұлғайта отырып, жалғастыру —жастардың парызы, - деді ол. - Біздің республикамыздың өркендеуі, халық өмірінің жақсаруы жолында еңбек ету — әрдайым әр қаржыгер жұмысының басты мақсаты болған және бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасуда. Сондай-ақ Шолпан Лазарқызы бір топ ардагерді Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың арасында қаржы басқармасынан Құдайберген Итешов, Альберт Бабаян, экономика және бюджеттік жобалау басқармасынан Айзада Хамзина, Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаментінен Жұмақыз Құдабаева, Зәуреш Оңдасынова, мемлекеттік кірістер департаментінен Жаңыл Тұрғамбаева, Лидия Ли, Маңғыстау облысы бойынша ішкі аудит департаментінен Сәния Бақаева бар. Мерекелік басқосуда Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев биыл өңірдің жас ауданына 10 жыл толып отырғанын айтып, бір топ қаржыгерлерге мерекелік медаль тапсырды. Марапатталған ардагерлер ризашылықтарын жеткізіп, әріптестерін кәсіби мейраммен құттықтады.Валентина ҚОЗЫБАҚОВА,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="42082,42081,42079"]