©
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және басқа да құзыретті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы туралы хабарландыру
2017 жылдың 15 қарашасында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, облыстық прокуратура, ішкі істер департаментінің, жер қатынастары, сәулет, құрылыс, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ облыстық филиалы басшылығының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді. Интернет-конференция облыс әкімдігінің www.mangystau.gov.kz порталында нақты уақыт режимінде өтеді. Сұрақтар қою үшін www.mangystau.gov.kz мекен-жайы бойынша «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.