©
Маусым айының үшінші жексенбісі – ҚР медицина қызметкерлері күні. Осы мерекеге орай, Маңғыстауда медицина саласына еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды. Өңірде денсаулық сақтау бойынша атап айтар жетістік көп. Маңғыстау бала дүниеге әкелу жөнінен республикада соңғы жылдар ішінде алғашқы орында келеді. «Маңғыстауда табиғи өсім 1,5 есе артып, ана өлімі 4 есе, сәби өлімі 18% төмендеді. Бұл жетістіктер, бүгінгі таңда қызмет атқарып жатқан мың жарым дәрігер мен 5 мыңға жуық орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысының нәтижесі деп білеміз», — дейді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.