©
2018 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176050 теңгені болды. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 107,5%, ал нақты жалақы индексі 102,1% құрады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Статистика комитетіне сілтеме жасап. Сала бойынша алып қарасақ, ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында тіркелген. Мұнда жалақы 390,4 мың теңге болып, орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты. Ал қаржы және сақтандыру қызметінде - 364,7 мың теңге (2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 261,7 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есеге асты) болған. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде екен. Олардың жалақысы 107,9 мың теңге шамасында, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7% %-ға төмен. 13 192,4 мың теңге мөлшеріндегі ең жоғарғы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бас директор алады. Ал ең төменгі жалақыны білім беру және мемлекеттік басқару саласындағы үй-жайларды жинап тазалаушы алады. Олардың айлығы 15,6 мың теңге. [caption id="attachment_70997" align="aligncenter" width="639"] Кесте stat.gov.kz сайтынан[/caption] Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелген белгіленді – 320,5 мың теңге. Бұл өңірдегі орташа жалақы республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Ал ең төменгі жалақы - Түркістан облысында. Түркістандықтар 109,7 мың теңге алады екен. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7%-ға төмен. Медиандық мәндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы біржолға зерттеу қорытындылары бойынша* 106 253 теңгені құрады. Модальдік мәндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 80021 теңгені құрады. Орташа айлық жалақының децильдік коэффициент дифференциациясы 6,6 құрады. Статистика комитетінің хабарламасында халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықты (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) ескере отырып қалыптастырылады. Зерттеуде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындар есепке алынбаған.