Қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады. Осылайша Henley & Partners компаниясы жариялаған төлқұжаттар индексі халықаралық рейтингісінде Қазақстан 67-орында тұр. Былтыр 2018 жылы бұл тізімге 5 ел қосылып, индексте екі сатыға жоғарылады. Индексте барлық елдің визалық режимі зерттеліп, азаматтардың елдер арасында жүріп-тұру еркіндігі анықталған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бақ.кз сілтеме жасап.
Рейтингінің басында Жапония тұр. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз бара алады. Одан кейінгі орында 189 елмен визасыз жүріп-тұру келісімі бар Оңтүстік Корея мен Сингапур орналасты. Үшінші орында Франция мен Германия (188 ел).
ТМД елдерінен Ресей – 48 (119 ел), Украина – 41 (128 ел), Беларусь – 66 (77 ел), Әзербайжан – 74 (66 ел), Өзбекстан – 80 (56 ел), Қырғызстан – 76 (64 ел), Тәжікстан – 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел) тұр. Индекс соңына Ирак пен Ауғаныстан (30 ел) жайғасқан.
Henley & Partners компаниясы төлқұжаттар индексін 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Елдердің визасыз режиміндегі өзгерістер туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2018 жылдан бастап индекс жылына бірнеше рет жаңартылады.
Qazaqtimes сайтының хабарлауынша, қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер мыналар:
Бұрынғы КСРО елдері: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия ,Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина.
Еуропа елдері: Албания, Македония, Сербия, Черногория.
Кариб теңізі елдері: Антигуа және Барбуда, Барбадос, Гаити, Доминика, Сент-Винсент және Гренадина.
Оңтүстік Америка елдері: Аргентина, Бразилия, Куба, Колумбия, Колумбия, Эквадор.
Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мальдива, Моңғолия, Түркия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Хайнань аралы.
Тынық мұхиты аралдары: Микронезия, Ниуэ, Самоа, Кука аралы Африка елдері: Намибия, Сейшел аралдары, Тунис.
Сондай-ақ қазақстандықтар үшін виза алу тәртібі жеңілдетілген елдер мыналар: Боливия, Бурунди, Шығыс Тимор, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Гренада, Джибути, Доминика Республикасы, Мысыр, Замбия, Кабо Верде, Иордания, Камбоджа, Кения, Комор аралдары, Лаос, Маврикий, Ливан, Мадагаскар, Макао, Макао, Мали, Мозамбик, Непал, Никарагуа, Палау, Сингапур, Сомали, Таиланд, Того, Тувалу, Уганда, Шри-Ланка, Ямайка.