Қант диабеті қандағы глюкозаның концентрациясының ұзақ уақыт жоғарылауы және заттек алмасу өзгерістерімен сипатталатын адамның эндокрин жүйесінің созылмалы ауруы болып табылады. Бұл ауру организмге инсулин жетіспеуінен пайда болады. Нәтижесінде организмде қант көбейіп кетеді.
Аурудың пайда болу себептері толық анық емес, бірақ бірнеше себептері бар. Мысалы, нервтік психикалық жарақаттар, қорқу, қиналу, жұқпалы аурудан соң, семіріп кету, тұқым қуалаушылық, тамақ режімінің бұзылуы, көмірсуға бай тамақтарды жеу арқылы болады. Бул ауруда асқазан асты безінен шығатын инсулин гормоны жетіспейді. Нәтижесінде көмірсу алмасу бұзылады.
Организмдегі қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Қант ауруында - қанттың мөлшері артып, қанда, дәретте көп болады.
Ауру жиі қозады және организмге өтуіне қарап, жеңіл, орташа, және ауыр формаға бөлінеді. Аурудың үш негізгі белгісі бар: полипагия, полидепсия, полиурия.
Полипагияда - диабетпен ауырған адам, көп мөлшерде тамақ жейді. Қанша жесе де тамаққа тоймай, беймезгілде түндерде тұрып тамақ жейді.
Полидепсияда - ауру көп мөлшерде шай, су ішеді, қанша су ішсе де шөлі қанбайды. Тіпті бір күнде бірнеше литр су ішетін жағдайлар да кездеседі.
Полиурия - ауру көп катаракт болады. Нәтижесінде көз көрмей қалады.
Қант ауруын емдегенде, тамақ режімін сақтау керек. Тәтті, көмірсуға бай тамақтар жеуге болмайды. Қара нан, ет, жүмыртқа, айран жеңіл болады. Диабет ауруы жалпы органдардың ауруы, органдардың барлық жерінде патологиялық өзгерістер болады. Өкпеде созылмалы бронхит, туберкулез, жүректе миокардит, эндокардит, кардиосклероз ауруы болады. Бауырда цирроз, бүйректе неврит, пиолонефрит, жыныс органдарында минстралдық цикл бузылады, нәтижесінде түсік болады. Денеге жиі жара шығады, фурункул, фурункулез, көзде диабетикалық сүт тағамдарын жеу керек. Дәрілерден инсулин беріледі. Инсулин организмнен шыққан қанттың мөлшеріне қарап жіберіледі. Егер организмде қант көбейіп кетсе, диабеттік комаға түсіп өлімге алып келеді.
Тағы айта кететін жағдай, ер адамдар темекі шегуден бас тарту қажет. Қант диабетінің негізгі себептерінің бірі - күйзеліс пен уайым.
Егер адам темекі шегумен жүйкесін тыныштандыруға тырысса, жағдайды керісінше ушықтырады. Ағзаның төзімділігін нашарлап, қант диабетінің өршуі үшін қолайлы жағдай тудырады. Егер адамда қант диабеті болса, темекі тек ауруды күшейтіп және ауруды асқындырып жіберіп, жүрек-қан тамырларының аурулары, инфаркт, қан ұюы секілді аурулар пайда болады. Сонымен бірге, артық салмақ қант диабетінің күшеюіне алып келеді.
Анар ЖАНТІЛЕУОВА №2 ЖҚЕ денсаулық мектебінің қызметкері