Түпқараған ауданы аумағында орналасқан №227 сайлау учаскесінде бүгінгі сайлауға ерекше белсенділік танытып, сайлау учаскесіне бірінші болып келіп, өз таңдауын жасаған сайлаушыларға кітаптар сыйға берілді.
- Бұл сайлаудың өзіндік ерекшеліктері де бар. Дауыс берушілер қатары көптеп саналады. Сондықтан да дауыс беріп, өз таңдауымыз жасаған абзал. Әркез еліміздің ертеңіне сеніммен қарайық, - дейді Бернепесов Әбдіжали.
Айта кетейік, аудан бойынша 23 606 сайлаушы бар. 12 сайлау округінде 60 сайлау округі мүшесі бар.