Форт-Шевченко қаласында үшқабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудан бойынша түрғын үй кезегінде 864 адам тұр. Аталған кезекті жою үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласынан 48 пәтерлік тұрғын үй, 16 пәтерлік тұрғын үй және 8 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.
Биыл ақпанда Форт-Шевченко қаласындағы үшқабатты жалдамалы 4 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Мердігер мекеме - «Альянс ЛТД» ЖШС.
Бұған қоса, 2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданынан берілген жолдама арқылы 16 отбасы баспаналы болған еді.