• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Аудан мұражайларының ахуалы қандай?

[ 2020 ] 21 мамыр, 14:36  |  Түпқараған

Халықаралық мұражайлар кеңесі (ICOM) 1977 жылы 18 мамырды – халықаралық мұражайлар күні (IMD) деп жариялады. Тілдік қолданыста музей сөзі нақтыланғанымен біз бұл мақаланы мұражай сөзімен өрнектеуді жөн көріп отырмыз. Не дегенмен бұл сөз осынау мекеменің бар сыр-сипатын барынша ашып көрсететін секілді. Грек тілінде museіon – муза сарайы деген мағынаны береді. Ал мұражай – мұра, жәдігер, мәдени құндылық атаулы сақталатын жай, орын, ғимарат деген мағынада екені тайға таңба басқандай көрініп тұр емес пе?!

2013 жылғы статистика бойынша Қазақстан аумағында 224 мұражай орналасқан екен. Олардың ішіндегі этнографиялық мұражай атаулы екеу ғана. Бірі - Николай Алексеевич Зайцев басқаратын Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысының этнографиялық мұражайы. Енді бірі - Форт-Шевченко қаласының «Кешен мұражайы» МКК-ге қарасты этнографиялық мұражай.

Форт-Шевченко қаласындағы аталмыш мұражай кешенінің құрамына үш мұражай кіреді. Бірі – Тарас Шевченконың мемориалдық мұражайы, екіншісі – Маңғыстау облыстық этнографиялық мұражай, үшіншісі – Мұрын жырау мұражайы.

Шевченко мұражайы 1932 жылдың 1-мамырында ашылған. Алғашқы директоры – Сатанғұл Тәжиев. Саяси көзқарасы үшін зардап шегіп, айдауда кеткен ақын Тарастың Маңғыстау өңірі, Түпқараған түбегінде еккен бір түп талын қоршаған орталық бақта орын тепкен мұражай ішінде Тарастың жертөлесі мен құдығы, өзге де құнды жәдігерлері сақталған. Саябақта Маңғыстау халқын хиуалықтардың басқыншылығынан азат ету символы секілді болып көрінетін ресейлік, маңғыстаулық, кавказдық әскерлердің біріккен күштерінің Хиуа хандарының езгісіне төтеп беру құрметіне орнатылған ескерткіш орын тепкен. Ескерткіште «1873 жылғы Хиуа жорығына қатысқан Маңғыстау экспедициялық отрядының жоғары шендері» деп қашалып жазылып, 22 экспедиция мүшесінің есімдері тізбектелген. Республика бойынша Тарас Шевченкоға арналған жалғыз ғана мұражай бола тұрса да, Түпқарағандағы жалғыз ғана мемориалдық мұражай бола тұрса да, бұл орын көзден таса қалып келе жатқаны жасырын емес. Мәселен, Тарас мұражайында ақынның бірде-бір картинасының түпнұсқасы сақталмаған. Киевтегі түпнұсқаларды қоя тұрғанның өзінде республика аумағындағы төрт түпнұсқаның (Ә. Қастеев мұражайында Тарастың 3, Орал қаласындағы мұражайда 1 түпнұсқа суреті бар) біреуін де Тарас атындағы жалғыз мұражайдың қорына алдыра алмай отырмыз. Қазақ топырағынан шыққан алғашқы шевченкотанушы Есбол Өмірбаевтан соң Тарасқа арнайы ат ізін салған ешкім болған да жоқ. Оның Маңғыстау өңірінің тарихи-табиғи орындарын кескіндеген картиналары, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан хабар беретін, ым мен ишараға толы суреттері, қазақ бейнесі қатталып қалған жазбалары қазақ ғалымдары тарапынан жөнді бағаға ие болып, зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Бұл тұрғыда біздің көлденең тартарымыз – жалғыз Есбол Өмірбаев қана. Дегенмен бүгінгі украин ғалымдарының Маңғыстау аймағында салынған Тарас суреттері туралы жаңашыл тұжырымдарына Есаға қайыра пікір білдіріп, жауаптаса алмайтындығы айтпаса да түсінікті.

Шевченко мұражайы туралы газетіміздің өткен сандарының бірінде «Мұражай - үйлердің мұңы» атты көлемді мақала жариялаған болатынбыз. Аталмыш мемориалдық мұражай туралы білу үшін жоғарыдағы мақаламызға қайыра соғып, қайтара оқуыңызға болатынын айта кетейік.

Маңғыстау облыстық этнографиялық мұражайында 15 мыңға жуық жәдігер бар. Мұражай жыл сайын «Жәдігерлер жерде қалмасын» акциясын тұрақты түрде өткізіп тұрады. Мұражайда құнды деуге тұрарлық дүниелер көп-ақ. Соның бірі – 80-жылдары Есбол Өмірбаевтың Қарлыбастан әкелген таңбалы тасы. Таңбалы тас – ертеден бергі Маңғыстау жерінің мекендеген түрік тайпаларының, соның ішінде ежелгі сақтардан тараған, соңғы кезде Қыпшақ империясын құраған тайпалардың ізін топтап көрсететін тамаша шежіре. Ол – жоғарғы тайпалардың барлығының қолтаңбасының жиынтығы, жұртының орны, ошағының куәсі.

Бүгінде Форт-Шевченко қаласының Кешен мұражайында бес қызметкер жұмыс істейді. Кадр жетіспеушілігі, жалақы аздығы бөлек әңгіме. Жәдігерлер қорының ауыз толтырып айтарлықтай молаймауы, халық назарының толықтай аумауы, айтарлықтай қызығушылық тудырмауы – ең басты мәселе. Мұражай қызметкері Айгүл Балабаева мұражай ішін аралап, экспонаттармен танысу мақсатында барған бізге аз-кем сөз шығарды:

- Мұндайда өзім қызмет ететін музей туралы айтпақ болсам, әңгімемнің әлқиссасын Есағадан – Есбол Өмірбаевтан бастаймын. Қазақстан- дағы алғашқы шевченкотанушы, музейдің негізін қалаушы Есағаң туралы украин елінің белгілі жазушысы Юрий Михайлович Мушкетиктің «Егер Есбол болмаса, Т.Г. Шевченко музейі мұншама биікке көтерілмес еді. Есбол – тағдырдың сыйы», деген сөзі ойыма оралады. Расымен де Есбол Өмірбаев – шевченкотану ғылымы мен Маңғыс- тау өлкетануының маңдайына жазылған біртуар тұлға, ерекше бақ, қасиетті есім. Жер бетіне түскен мұндай қасиеттің тағдыр сызығының түзу, жолының кедергісіз болуы әсте мүмкін емес секілді. Осы тұрғыдан келгенде Есболдың өмірі мен өзін зерттеуге арнаған Шевченкосы арасында біршама ұқсастық бар. Екеуін де шыңдаған тауқымет пен қайраған қиындық екі тұлғаны бір биікте тоқайластырып тұрғандай. Өйткені екеуінің де бірдей жетім қалуы, екеуінің де бақташы мен малшы болып жастық шағын өткізуі, екеуінің де Маңғыстау даласына деген ерекше көзқарасы мен Есболдың Октябрь революциясына тұспа-тұс 1916 жылы дүниеге келуі... бәрі-бәрінде терең тарих, қасиетті ишара бар сияқты көрінеді.

Тарас уақыт өткен сайын өз бағасын алып келе жатқан, ала да беретін тұлға. Ал Есбол ұшан – теңіз білімімен ұлтына ұран бола алмай келе жатыр. Олай дейтінім, оны жас ұрпақ әлі де жете танымайды. Әке-шешеден жастай жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген, колхозда балықшы, малшы болып, Астрахань, Махачкала, Орал өңірлерінде әртүрлі жұмыстар істеген, Форт-Шевченко қаласындағы орта мектептерде ұстаз, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры бола жүріп, ағартушылық саласына, ғылымға, өлкетануға сүбелі үлес қосқан Есаға бірде келіп: «Менің аманатыма қиянат жасаған жоқпысыңдар?» дейтіндей, кей-кейде қорқасоқтайтыным рас. «Сонда жауап бере алман мен бейшара» деп Абай айтқандай, мен сонда Есағаның сұрағына жауап таба алмаймын ба деп қорқамын.

Айгүл апайымыздың айтқаны жөн-ақ. Жаны бар сөз. Абайдың күйін, Айгүлдің күйін біз де кешкелі тұрған секілдіміз.

Еділбек ДҮЙСЕН

1717
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Түпқараған Аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түпқарағанда еріктілер күніне 3 мыңнан аса маска тігіп жатыр

Келесі жаңалық

Зобалаң жылдар, тәлкекті тағдыр

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Түпқарағандық оқушы республикалық балалар кинофестивалінен күміс жүлде иеленді

    9 маусым, 14:20
    1596

    Түпқарағанда 90 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

    3 маусым, 09:50
    1909

    Таушықта жаңа емхананың құрылысы басталды

    28 мамыр, 14:30
    2084

    Баутин ауылында балық өңдеу зауыты салынады

    25 мамыр, 14:50
    2177

    Түпқарағанда 4 балабақша салынады

    25 мамыр, 12:35
    2163

    Түпқарағанда 3 жұлдызды «Port Royal» демалыс орны ашылады

    25 мамыр, 11:45
    2159

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтарыСпортӘдебиетРедакция ұжымыӘлем жаңалықтарыСұхбатАшық қоғамЭкономикаМаңғыстауЖаңалықтарСараптамаТүпқараған

    Автордың басқа да жазбалары

    Бейнеулiк жанұя "Мерейлі отбасының" республикалық кезеңiне жолдама алды

    Бүгін 17:08
    41

    Облыста кеше 225 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

    Бүгін 09:48
    125

    Фейк: Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясын шашады

    Бүгін 09:07
    200

    Коронавирустан кейін бедеулікке шалдығу ықтималдығы қандай - сарапшы жауабы

    Кеше 18:11
    165

    Қарақияда мемлекеттік қызметшілер сертификатқа ие болды

    Кеше 15:10
    176

    Коронавирус: Облыстық перинаталдық орталықта 90 адам ем алып жатыр

    Кеше 14:52
    109

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»