Қарақия ауданы Жетібай ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында кәріз суын тазарту станциясы бой көтерді. Бұл туралы Жетібай ауылының әкімі Қуаныш Асанов мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазір аталған нысанда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған. Енді технологиялық жабдықтарды орнату, монтаждау, кешенді іске қосу жүргізілуде. Бұл жұмыстарды толық аяқтап, нысанды іске қосу қазан айына жоспарланған.
«Жаңа кәріз суын тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарының шағымын тудырған мәселе шешіледі» – деді ауыл әкімі Қуаныш Асанов.