Қарақия ауданының Жетібай ауылында «Аумақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан 3000 м³ су резервуарының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Жетібай ауылының әкімі Қуаныш Асанов мәлім етті. Оның айтуынша, жоба құрылысы кезінде 20 адам жұмыспен қамтылды.
«Жетібай ауылында бұған дейін 4000 м³ су резервуары болды. Бірақ жаз мезгілінде кейбір шағын аудандарға су жетіспеуіне байланысты бюджеттен қаражат бөлініп, қосымша резервуар салу қажеттілігі туындаған. Нысан аумағына асфальт төселді. Аталған мәселені шешу мақсатында қосымша жаңадан 3000 м³ су резервуары салынды. Құрылыс жұмысын «Риг-Строй» ЖШС мердігер мекеме жүргізді», - деді ол.
Жетібай ауылындағы халық саны 13 216 адам. Елдімекенде 4 көп қабатты тұрғын үй және 2 616 аула бар. Жаз мезгілінде шеткі шағынаудандарда су тапшылығы сезіледі. Жаңа резервуар қолданысқа берілгеннен кейін су мәселесі шешіледі.