Ораза айт мерекесі қарсаңында Жетібай халқы тағы бір мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады.
Ауылдың әкімі мен бас имамының мұрындық болуымен жəне мешіт жамағатының, халықтың қайырымдылық іс-шарасы аясында ауыл тұрғыны, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төрт немересін бағып өсіріп отырған Омарова Дарикүл анаға барлық жағдайы жасалған жаңа пəтердің кілті табыс етілді.
Жаңа үйдің кілтін табыстап, лентасын қиған әкім мен имам, сауапты шараға атсалысқан барша жамағатқа алғыс айтты. Дарикүл анамызбен немерелеріне денсаулық бақыт тілеп, алдағы уақытта қуанатын күндерінің көп болуына тілектестіктерін білдірді.
Шынар Кендін