©
14 ақпан күні сағат 10.00-де "Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен" жолында № 17 бекетте "Жолда қабылдау" акциясы өтеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Акция жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтарға жол қозғалысы жөніндегі заңнаманы түсіндіруді мақсат тұтады. Акцияға "Нұр Отан" партиясы өкілдері мен Ақтау қалалық полиция басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы және Мұнайлы аудандық ІІБ қызметкерлері қатысады.
"15,16,17 және 22, 23, 24 ақпанда обыс аумағында "Мас жүргізуші - қылмыскер" деген атпен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары өтеді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Көрнекі сурет Талант ҚҰСАЙЫННЫҢ архивінен