Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Алаш орда үкіметінің 100 жылдық мерейтойына орай «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» республикалық ақындар мүшәйрасының марапаттау кеші өтті.
Мүшәйраның мақсаты – өлең құдыреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, олардың мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті қуаттап, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Байқауға қатысушы ақындар ұсынылған 3 (үш) тақырыпта өз туындыларын жолдады:
Республикадан 40-қа жуық ақын қатысып, 7 жүлдегер анықталды. Анықталған 7 жүлдегер марапаттау кешіне шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Жайлау Бақтыбайға (Маңғыстау облысы);
І орын – Ысқақ Жұлдызайға (Астана қаласы);
ІІ орын – Жаңбырбай Асылбекке (Маңғыстау облысы);
ІІІ орын – Қадірәлі Нұржанға (Жамбыл облысы);
Ынталандыру – Демесін Жандосқа (Маңғыстау облысы), Қабылша Толқынға (Қызылорда облысы), Қуанышева Райханға (Атырау облысы) бұйырды.
Жүлдегерлер басқарманың арнайы дипломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Тағы оқыңыздар: «Маңғыстау» кемесі — ел күзетінде