© baq.kz
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен.
Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді» деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.