Теннистен Аустралияның ашық біріншілігіне Қазақстан атынан қатысқан Ақтау теннис мектебінің өкілі Бейбіт Жұқаев екі кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз «Үлкен дулыға» сынының алғашқы айналымында жеңіске жетсе, екінші айналымда есе жіберді. 23 жастағы спортшы үшін бұл кәсіби тұрғыдан өте үлкен тәжірибе болып отыр.
Бейбіт Жұқаев Мелбурндағы турнирден 44,1 мың аустралия доллары көлемінде сыйақы алды. Бұл ұлттық валютаға шаққанда 13,13 миллион теңгені құрайды. Үлкен додаға енді қосылған жерлесіміз үшін аталған қаржы қомақты қаржы болып отыр.
Айта кететін жайт, ақтаулық теннисші былтыр әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсартып, ресми түрде ерлер арасында еліміздің №2 теннисшісі атанған болатын.