Шығыс Қазақстан облысында 4 ауыл ішімдік өнімдерінен бас тартқан, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеп.
ШҚО-да 2023 жылы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5 мыңнан астам адам орналастырылды, сондай-ақ алкогольге тәуелді 370-ке жуық адам МЕПМ-ға жіберілді. Оңалту курсынан өткеннен кейін учаскелік инспекторлар оларды тұрақты түрде тексеріп отырырады.
Сонымен қатар полицейлер заңсыз алкоголь өнімін тәркілеу жұмыстарын жүзеге асырады. Былтыр облыста 16,5 тонна суррогат спирті тәркіленген, 205 адам оларды сату саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық кеңестер жүргізіп жатқан шаралар оң нәтиже көрсетті. Облыстағы төрт ауылдың тұрғындары: Катонқарағай ауданындағы Көкбастау, Күршім ауданындағы Теректібұлақ, Ұлан ауданының Жанұзақ және Тарбағатай ауданының Байтоғас ауылдары ішімдік ішуден бас тартты. Бұл осы ауылдардағы қылмыстық ахуалға оң әсер еткен, онда қазіргі уақытта бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Бұл басқа елді мекендердің тұрғындарына да жақсы үлгі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстауда да үш жылдан бері Оңды ауылының тұрғындары ішімдік өнімдерінен бас тартқан. Осылайша, аймақтағы қылмыс нөлге дейін төмендеді. Елді мекен аумағында мұндай өнімдерді сатуға да тыйым салынған.