Ақтау жағалауы жаңа «Құдықшылар» мүсіндік композициясымен толықты. Оның авторы – белгілі қазақ мүсіншісі, Маңғыстаулық Болатбек Салаев. Мұрагерлік құдық қазушылар қоладан құйылған: атасы, әкесі және баласы. Құдықшылар деп аталған олар ғасырлар бойы өңіріміздің символы болды.
«Жеті жұрт кетіп, жеті жұрт келген» дегендей, расында да, Маңғыстаудың тарихы дәл осы жерді мекендеген халықты еске алумен қанық. Көптеген әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер бүгінге дейін ұмытылды, кейбірі қазіргі мәдениет пен дәстүрлерден көрініс тапты, бірақ мәңгілік есте сақталатын бейнелер бар.
Солардың бірі – құдықшы. Табиғи тұщы су көздерінен айырылған, жауын-шашынсыз Маңғыстаудың иен даласына бірінші болып келген осылар. Дәл осылар Үстірттің тасты топырағын айлап қазып, ауыз су үшін еңбектенді. Ойлап көріңізші, сол кезде қазылған кейбір құдықтардың тереңдігі 80 метрге дейін жеткен және олар мыңнан асады. Олардың әрқайсысы жаңа өмір бастауы. Қарапайым ауылдардан керуен соқпақтарындағы тұрақтарға дейін міне осындай.
Қазылған құдықтарға көбінесе құдық қазушылардың есімдері ризашылықпен берілді, бұл олардың жұмысының маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар жиі өлім қаупін тудыратын ауыр жұмыс үшін алғыстың белгісін білдіретін еді. Құдықшының өліміне құдық қабырғалары опырылып, топырағы, кейде жарылған жер асты сулары себеп болған жағдайлар да болды. Осыған қарамастан құдық қазу өнері отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, табыс көзіне ғана емес, өмірдің мәніне де айналған.
Дәл осы дәстүр сабақтастығын, өмір үшін күрес пен мызғымас рухты автор өзінің мүсіндік композициясында көрсетті. Оның салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың, сондай-ақ өлкеміздің салт-дәстүрін жетік білетін, қастерлейтін бірқатар қариялардың қатысуы кездейсоқ емес.
«Құдықшылар» композициясы қалаға Freedom компаниялар тобының сыйы болды. Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов осы жылдың 4 тамызында ескерткіштің ашылуында: «Өнер – маңызды әлеуметтік хабарларды сөзсіз жеткізудің ең көркем тәсілдерінің бірі. Біз «Құдықшылар» сәулеттік мүсінін қасиетті өлкедегі ең көне де қастерлі кәсіптердің бірі – құдық қазушылардың өкілдеріне құрмет белгісі ретінде орнаттық.
Тағы бір түйінді ой – осы үш мүсінде көрсетілген уақыт пен ұрпақ сабақтастығы. Бұл мүсін қоғамға Маңғыстаудағы таза су тапшылығына қарсы жүргізіліп жатқан күресті еске сала отырып, жаңа өмірдің туу символына айналуды көздейді»,- деп атап көрсетті.
Тимур Турловтың сөзі кездейсоқ емес. Өңірде ауыз су тапшылығы мәселесі әлі толық шешілген жоқ. Ақтау қаласы мен елді мекендердің тұрғындары жиі-жиі қайталанатын, әсіресе жаз мезгілінде электр жарығы өшіп, су берудегі үзілістерге тап болады. Бірақ бұл жерде де бизнес мемлекетпен тығыз жұмыс жүргізілуде. Осылайша, өткен жылдың күзінде Freedom компаниялар тобы Маңғыстау облысының әкімдігімен су сору станциясы және су құбыры желілерін салу туралы меморандумға қол қойды.
Ал 4 тамызда Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында тәулігіне 20 мың текше метр сыйымдылығымен жұмыс істейтін сорғы станциясы іске қосылды.
Бұл жоба, мамандардың айтуынша, Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарын сумен қамту мәселесін шешуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, сорғы станциясынан Ақтау қаласының жоғарғы ықшамаудандарын ауыз сумен қамтамасыз ететін орталық су құбырына дейін екі су құбыры желісі тартылды. Әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан асады.
Еске салайық, сорғы станциясының құрылысын Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий Жылу, Су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізген. Қазіргі уақытта су жүйесі үздіксіз жұмыс істеуге 100 пайыз дайын. Құрылысқа жұмсалған 2,12 млрд теңгенің барлық шығынын Freedom компаниялар тобы көтерді. Жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасын қолдау аясында жүзеге асырылды.