(250.00 нысан) бойынша тапсыру мерзімі 15-ші қыркүйекке дейін екендігін қаперлеріңізге береді.
Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері:
(1-кезең) 2021 жылдан бастап:
l жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын азаматтар және олардың жұбайлары;
l мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;
l мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген азаматтарға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
l «Сайлау туралы» ҚР Конститутциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар.
(2-кезең) 2023 жылдан бастап:
l мемлекеттік мекемелердің қызмеькерлері және олардың жұбайлары;
l квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
(3-кезең) 2024 жылдан бастап:
l Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
l Дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
(4-кезең) 2025 жылдан бастап:
Халықтың (азаматтардың) қалған санаттары;
Декларациялауға қандай мәлімет ұсыну керек?
1.Қазақстан Республикасынан шегінен тыс жерлердегі мүліктер:
l жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері «өзен-тнңіз» жүзу кемелері;
l көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер;
l ҚР шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
l Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
2. Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
l тұрғын ұй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрған ғимараттағы үлес;
l бағалы қағаздар;
l инвестициялық алтын;
l зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
l декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
l банк берешегін қоспағанда, дебиторлық және кредиторлық берешек;
l жеке тұлғаның қалауы бойынша бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, бір бірлігі үшін бағасы айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда басқа да мүлікті көрсетілуі мүмкін.