«West Oil Software» ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасқан ереуіліне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «West Oil Software» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«West Oil Software» ЖШС компаниясының ұстанымы келесідей:
1) «ОТК» ЖШС мен «WOS» ЖШС арасында 2027 жылға дейін жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Компания өз міндеттемелерін ереуілге шыққан жұмысшылардың қатысуымен, болмаса оларсыз толық көлемде орындауға ниетті.
1-1. Заңсыз ереуілге байланысты мұнай ұңғымаларында апат қаупі бар, бұл қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ тапсырыс берушіге экономикалық шығын келтіреді.
1-2. Ереуіл салдарынан компания күн сайын келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін 23 млн теңгеден астам шығынға ұшырайды.
2) Компания ұжымдық шарттың және еңбек заңнамасының талаптарын толық орындап келеді. Компания жұмысшыларына беретін еңбекақы басқа мұнай сервис кәсіпорындарының жалақысынан артық. Ереуілге шыққан жұмысшылардың дәлелдері шындыққа жанаспайды.
3) Жұмысшылардың талаптары заңнамаға сәйкес қаралып, шешілді. Компания жұмысшылардың ҚМГ құрамына өту және жалақыны ҚМГ бірыңғай еңбекақы жүйесіне (ҚМГ ЕСОТ) сай теңестіру туралы талаптарының орындалуына қарсы, өйткені бұл мәселелер жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауына жатпайды.
4) Компания материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша «ОТК» ЖШС және ҚМГ ұсынған бағдарламаны қабылдайды.