Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Трансформация» байқауы басталды. Шара 10 маусымнан 1 қарашаға дейін жалғасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау бес номинациядан тұрады. Атап айтқанда, қала тұрғындары «Үздік аула», «Тұрғын үй кешенінің үздік ауласы», «Үздік мекеме»(коммерциялық, мемлекеттік), «Үздік аула сыпырушы» және «Үздік кіреберіс» номинациясына қатыса алады. Әр номинация бойынша ақшалай сыйлықтар қарастырылған:
І орын - 100 000 теңге
ІІ орын - 70 000 теңге
ІІІ орын - 50 000 теңге
-Байқау абаттандыруды және көгалдандыруды жақсарту бойынша бастамаларды дамытуға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Шара Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты бойынша жүзеге асырылуда. Байқауға қатысу үшін 1 қарашаға дейін info@ecomangystau.kz электронды поштасына өтінім жіберу қажет, - деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
Толық ақпаратты Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/documents/details/675669?lang=kk және «Эко Маңғыстау» ҰПҰ сайтынан www.ecomangystau.kz алуға болады.