«Мектепке жол» акциясы аясында Ұлттық ұланның Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінде бөлім командирінің қатысуымен көп балалы отбасыларға мектеп құралдары жинақталған сөмкелер табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған сыйлықтар әскери бөлімнің әйелдер кеңесімен жеке құрамның атынан табыс етілді.
Дәстүрлі шараға әскери бөлім командирі подполковник Марат Нұрмұратов, әйелдер кеңесінің мүшелері, офицерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты. Бөлім командирі подполковник Марат Нұрмұратов әскери ұжым атынан мектеп оқушыларына сыйлықтарды табыс етіп, болашақ Отан қорғаушыларға жаңа оқу жылына табыс тіледі.