«KEGOC» АҚ Маңғыстау атом электр стансасының апатты тоқтау себебін түсіндірді. Хабарлауынша, 3 шілдедегі МАЭК ЖЭО ірі қондырғысының тоқтауы - генерациялаушы жабдықтың әбден тозуына байланысты болған.
«KEGOC» АҚ қорғаныспен және авариялық штаттық режимде жұмыс істеуі Атырау және Маңғыстау энергия орталықтарын тоқтан толық сөніп қалудан қорғауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты DKNews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайды талдау жұмыстары - электр станцияны жаңғырту, Атырау мұнай өңдеу зауытын сыртқы электрмен жабдықтауды күшейту және жаңа заманауи энергия көздерін салу қажеттілігін көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде сағат 18:23-те МАЭК ЖЭС блогы сөндірілген еді. Өшіру кезіндегі шектеулердің жалпы көлемі электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемінің шамамен 18%-ын құрады – бұл 271 МВт (Атырау электр орталығында – 158 МВт, Маңғыстауда – 113 МВт). Соның салдарынан жиіліктің 50 Гц-тен 46,5 Гц-ке дейін күрт төмендеуі болды.