Кеше Жаңаөзен тас жолында бірнеше көлік соқтығысып, жол көлік оқиғасы болған. Зардап шеккендердің бірі нейрохирургия бөлімінде, екеуі травматология бөлімінде, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Дәрігерлер нейрохирургия бөлімінде жатқан науқастың сынықтары мен бетіндегі жараларды анықтаған. Травматология бөлімінде жатқан зардап шеккендердің бірі бас-ми жарақатын, тізе буынынан жарақат алған. Екіншісінің басы мен кеудесі жарақаттанған.
Дәрігерлердің айтуынша, реанимацияда жатқандардың жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің бірінде жамбас сүйегінің ашық сынығы, ТМЖ, екіншісінде полижарақат бар.