«Маңғыстамұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласында мұнай және газ кен орындарын барлау, бағалау және игеру кезінде экологиялық тәуекелдерді барынша азайту және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсерді азайтуға бағытталған жұмыстары туралы пресс тур өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық экология департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған шара барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне компания басшылығы мәлімет берді.
«Бұған дейін келісім шартта көрсетілген аумақтарда 10 полигонды тазалауға арналған пресс-турды өткізлен болатынбыз. Бүгінгі пресс-тур меморандум аясында тазалау мәселесіне арналған. Ендігі кезекте тарихи мұнай қалдықтарымен ластанған жерлерді тазартуға арналып отыр. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының негізгі қызметі бағыты 15 мұнай-газ кенорындарында жүргізеді. Оның ең үлкендері Қаламқас, Жетібай кен орындары. Одан басқа Асар, Оймашы, Шығыс Жетібай, Алатөбе, Солтүстік Қарақия, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Сарытөбе сияқты кіші-гірім кенорындарына жұмыс істеп келеді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысында ірі мұнай өндіретін мекемелердің бірі. 1961 жылдан бастап бірінші Жетібай кенорында мұнай фонтаты атқылап, 1963 жылы Маңғышлақнефть мекемесі құрылып, компанияның іргетасы қаланғанына 60 жыл толып отыр. Осы уақыттан бері игеріп келе жатқан кенорындарында мұнай кәсіпшілік жабдықтары, ғимараттары, құрылыстары, мұнай-газ құбырлары ескіріп келеді. Сондықтан жер бетін ластамау үшін оларды ауыстырып отыру қажет. Сонымен қатар он жылдан бері жиналған тарихи ластанған жерлерді тазарту қажеттігі туып отыр. Өздеріңізге мәлім, 2019 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарихи мұнай қалдықтарымен ластанған аумақтарды тазарту, жою және рекультивация жасау бойынша меморандумға қол қойылған. Меморандум мүшелері ішінде үш ірі Қазмұнайгазға еншілес мекеме бар», - деді компанияның бас директоры Мұрат Мұстафаев.
Сондай-ақ, ол меморандум аясындағы мұнай қалдықтарын тазалауға бағытталған негізгі бағыттады атап өтті.
«2020 жылдан бастап мамандандырылған мемлекеттік компанияларды тарта отырып, осы меморандумды іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Мұнай қалдықтарын қауіпсіз деңгейде өңдеудің үздік және озы технологияларына басымдық беріліп отыр. Мердігер кешеніндегі мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту және өңдеу процесін, сондай-ақ техникалық рекультивациядан кейін қайта өңделген топырақты пайдалануды, сонымен қатар соңғы кезеңде тәжірибе ретінде және мердігердің жеке бастамасы бойынша тазартылған және қалпына келтірілген аумақты жасыл апаттардың қалай болғанын көрді. Қоршаған ортаны қорғау және үздік технологияларды қолдану саласындағы жетістіктерімізді одан әрі жүргізетін боламыз», - деді ММГ АҚ бас директоры.
Мұнаймен ластанған аумақтарды өңдеумен қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу саласында лицензиялары бар, сондай-ақ сұрыптау және өңдеу зауыттары бар мұнайлы қалдықтарды өңдейтін мамандандырылған компаниялар айналысады. Бұл ретте мердігер компания «Вест дала» ЖШС-нің менеджері Нұрлыбек Кенжеғалиев ластанған топырақты тазалау жыл басында басталғанын алға тартты.
«Ақпан айынан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы мен «Вест дала» ЖШС арасында тарихи мұнаймен ластанған жерлерді қайта өңдеу, тазарту жұмыстары бойынша келісім-шарт жасақталған еді. Негізгі жұмыстар 29 наурызда басталды. Осыған дейін «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының арнайы тексеріс-аудитінен өтіп, Маңғыстау облысы экология департаментінен қоршаған ортаға рұқсат ету қағаздары рәсімделіп, жоба жасақталып, қажетті жұмыстар жүргізілді. Жетібай кен орнының Шығыс Жетібай учаскесінде №102 ұңғыма аумағында мұнаймен ластанған жер аумақтарында топырақтар алынып, «Вест дала» компаниясының Қарақия ауданында орналасқан жеке қалдықтарды қабылдау кешенінде өңдеу жұмыстары жүргізілді. Негізгі топырақты өңдеу жұмыстары бұл биоремадиациялық өңдеу жұмыстыраны арналған, гран бил препаратымен топпырақ өңделді. Негізгі келісім-шарт бойынша көлемі 87 818 тонна, соның қазіргі уақытта 59 461 тоннасы тазаланып, тазалған топыраққа Маңғыстау облыстық Экология тарапынан және «Маңғыстаумұнайгаз» тарапынан, өз тарапымыздан акредиттелген зертханамен талдау алынып, оң нәтиже көрсеткеннен кейін 4 қыркүйектен бастап Шығыс Жетібай кен орнында қайтадан өңделген топырақтарға рекультивация жұмыстары басталды. Келісім-шарт мерзімі жыл аяғына дейін жасақталған. Ендігі қалған жұмыстарымызды осы уақытта аяқтаймыз», - деді мердігер мекеме өкілі.
Ал «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілдігінің әлеуметтік және ақпараттық сүйемелдеу департаментінің директоры Аманғали Нұрдәулетов үлкен жобаның елдімекен үшін маңызына тоқталды.
«Бұл үкімет пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, Экология және геология, табиғи ресурстар министрлігімен жасалған меморандум аясында үлкен жоба болып отыр. Конституцияда көрсетілгендей, еліміздің ең үлкен қазынасы – халық. Халықтың денсаулығын қорғау мәселесі. Кен орындарында осы жұмыстар жүзеге асып жатыр. «Қаражанбасмұнай» АҚ-да 383 мың 611 тонна, «Өзенмұнайгаз» бойынша 2 млн 263 443 тонна, Маңғыстаумұнайгаз бойынша 1 млн 64 958 тонна, барлығы 3 млн 324570 тонна тарихи мұнай қалдықтарымен ластанған аймақ топырағы тазартылып, ел игілігіне қайтару жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. «ҚазМұнайГаз» ҰК тарапынан бұл меморандумның орындалысы қатаң бақылауда. 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі», - деді ол.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында 2019 жыжы жасалған қоршаған ортаны қорғау саласындағы Меморандумның негізгі мақсаты мұнаймен ластанған «тарихи» жинақталған аумақтарды тазарту аса жоғары маңызға ие.
Бұған дейін 2017-2020 жылдар аралығында мұнай қалдықтары бар 10 полигон тазартылып шыққан болатын. Қазіргі уақытта өңірдегі кен орындарында «тарихи» мұнаймен ластанған аумақтар туралы меморандумды жүзеге асыру аясында аумақтарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. «ММГ» АҚ-пен «тарихи» мұнаймен ластанған аумақтарды тазартуға, жоюға және одан әрі рекультивациялауға қомақты қаражат бөлінген Ал оның 2021-2023 жылдарға жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрап отыр.
Айта кететін бір жайт, мердігерлер келісілген және бекітілген инвентаризацияға сәйкес нысандарды тазартып, ластанған топырақты өз кешендерінде өңдейді. Ластанған топырақ қауіпсіз деңгейге дейін тазартылған соң, 3 жақты тәуелсіз аккредиттелген зертханалармен – Мердігер, «ММГ» АҚ, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті талдау жасап отырады.
Талдау бойынша оң нәтиже алынғаннан кейін өңделген топырақ тазартылған аумақты рекультивациялауға пайдаланылады және мемлекеттік бақылау органдарына және жергілікті атқарушы органдарға (Қарақия ауданының әкімдігі) тапсырылмақ.