«МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды. 9 шілдеде таңғы сағат 04.11-де блок жұмысқа қосылды, ал түстен кейін сағат 15.25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін жеткізілді .
Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы генерациясы 565 МВт құрайды. «МАЭК» ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат бере отырып, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, Батыс аймақтық диспетчерлік орталық жүйелік операторы Маңғыстау облысындағы мұнай-газ секторының тұтынушыларына 50 МВт көлемінде шектеулерді сақтауда.
Айта кету керек, Ақтау қаласы мен облыстың елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде «МАЭК» ЖШС ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты №1 энергоблоктың мәжбүрлі тоқтауы орын алған болатын. Жөндеу жұмыстары МАЭК қызметкерлерінің күшімен тәулік бойы жүргізілді.