4 шағынаудандағы жартасты соқпақтың тас құлаған аумағы уақытша жабылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді. Жартастың тас құлаған аумағына турникет қойылған. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігі үшін жартастың төбесін тормен қоршап қою туралы шешім қабылдаған.
- Қазір әкімдікте жартас төбесінің қалай қоршалатыны туралы талқыланып жатыр. Нақты шешім шыққаннан кейін іске кірісеміз, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсат.
Айта кетейік, кеше кешкі уақытта жартасты соқпақтағы бұлақ маңында тас аспалы жолға құлаған.