• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 16 Маус. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда мектеп басшысы мұғалімді жұмысқа конкурссыз қабылдаған...

«Жылы жағажай» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді...

«18 млн теңге пара алған»: Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды...

Түпқарағандық түлек ҰБТ-дан 134 балл жинады...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Серікбай Трұмовты мерейтойымен ...

  • USD: 450.79 ₸
  • EUR: 482.21 ₸
  • RUB: 5.05 ₸

«Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов: Екінің бірі теміржолшы бола алмайды...

5 ақпан, 15:30  |  Маңғыстау жаңалықтары

Биыл қаңтардан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасында 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт күшіне енді. Осы жаңа ұжымдық шарт, оның бұрынғыдан қандай ерекшелігі мен артықшылығы бар, жалпы теміржол еңбеккерлерінің игілігі жайында «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитовті сөзге тарттық.

– Жұпарбек Абзалбекұлы, сала кәсіподағы теміржолшылардың еңбек және әлеуметтік ахуалын арттыру бағытында аз жұмыс атқарып отырған жоқ. Жаңадан қабылданған ұжымдық шартта әлеуметтік пакеттерді жақсарту мен еңбекақы, түрлі төлемдерге қатысты оң өзгерістер маңызды құжатты жасақтаған жұмысшы тобының үлкен жеңісі деседі?..

– Әрине, алдағы үш жылды қамтитын ұжымдық шартқа қатысты аса ауқымды жұмыс жүргізілді. Маңызды құжат жасалмас бұрын ел өңірлеріне шығып, теміржолшы халықпен кездестік. Олардың сөзіне құлақ түріп, ұсыныстарын тыңдадық. Осының бәрін екшеп, реттеп, бір жобаға келтіріп талқылау үшін құрылған жұмыс тобына әр өңірден өкілдер тартылды. Таразы басы тең болу үшін 30 адамның жартысы кәсіподақтан, жартысы компаниядан таңдалды. Талқылау нәтижесінде 72 ұсыныс қабылданды. Жаңа ұжымдық шартта негізгі өзгерістер теміржол қызметкерлері мен зейнеткерлерге арналған әлеуметтік пакетті жетілдіре түсіп, еңбекақы, өтемақы төлеу сынды мәселелерге қатысты бірталай өзгерістерге қол жеткізілді. Нақтыласақ, әлеуметтік жеңілдік бюджетіне +5 млрд теңге, ал еңбекақы қорына +9,8 млрд теңге көлемінде қаражат қосылды.

– Қомақты қаржы. Ал енді осы қаражат жұмсалатын игіліктерге, жоғарыда аталған оң өзгерістерге тоқталып өтсеңіз?

– Әлеуметтік пакеттерді жетілдіруге қатысты өзгерістер, негізінен қаржылық төлемдермен байланысты болып отыр. Мысалы, бала тууға байланысты материалдық көмек 30-дан 40 АЕК-ке дейін, 4,5 класты станциялар мен разъездерде тұратындарға ол 40-тан 50 АЕК-ке дейін өссе, қызметкердің қайтыс болуына байланысты жерлеу рәсіміне 100-ден 150 АЕК-ке дейін, ал ет жақыны қайтыс болған жағдайда жерлеуге 50-ден 70 АЕК дейін көмек беріледі. Сондай-ақ, некеге тұрғанға да 15-тен 30 АЕК дейін материалдық көмек бар. Шағын станцияларға жұмыс істеуге барған жас мамандарға 25-тен 40 АЕК көлемінде материалдық көмек беріледі.

Дегенмен, мұның бәрі бұл ұжымдық шарттың басты жаңалығы емес. Теміржолшылар сарыла күткен ең басты жаңалық - пойыз құрастырушылар мен олардың көмекшілеріне, жол монтерлері мен бригадирлерге зейнетақы жасына жеткенге дейінгі үш жыл алды салалық жәрдемақыға шығу мүмкіндігі берілетін болады. Сондай-ақ айрықша күрделі метеорологиялық жағдай кезінде жұмысқа тартылған көпір шеберлері мен жасанды құрылыс жөндеушілеріне де төлемақы қарастырылып отыр. Бұл – жаңа ұжымдық шартқа енгізіліп отырған ең басты толықтырулар. Бірақ, бұл мәселе әзірше толықтай іске қосылмай тұр, себебі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 21.12.23 № 049 -VIII Заңына сәйкес зиянды, ауыр және қауіпті жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлерге қосымша жеңілдіктер қарастырылып отыр. Ал жоғарыда аталған тұлғалар (пойыз құрастырушылар мен олардың көмекшілері, жол монтерлері мен бригадирлер) осы тізімге кіреді. Сондықтан, әзірше оларды айқындау, жеңілдіктерге сәйкестігін зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстың нәтижесінен кейін түпкілікті шешім қабылданатын болады. Қалай болғанда да біздің ұтылатын жеріміз жоқ, ең бастысы біз ол төрт кәсіп иелерін салалық зейнетақыға енгізуге қол жеткізіп отырмыз.

-Бұрын салалық зейнетақыны тек машинистер мен машинист көмекшілері пайдаланып келді емес пе? Енді оған тағы да төрт кәсіп иесі қосылып отырса, шынымен үлкен жетістік екен. Мерзімінен бұрын зейнетке кететін ол теміржолшыларға үкімет белгілеген зейнет жасына жеткенше салалық зейнетақы төлеу жұмыс беруші ҚТЖ үшін аз салмақ емес. Қомақты қаражат көзін қарастыру қажет дегендей?

-Әлбетте, жұмыс тобының табанды еңбегінің нәтижесінде жұмыс беруші тағы төрт кәсіп иелеріне салалық зейнетақы төлеуге келісіп отыр. Одан бөлек, студенттерге тәлімгерлік еткені үшін төленетін төлемақыны 10-нан 15%-ке дейін, төтенше жағдайлар кезінде теміржолшылардың ас-ауқатына төленетін қаражат көлемін де ұлғайтып, бірталай жетістікке қол жеткіздік. Теміржолшылар бір жылда төрт мерекеде: Наурыз мейрамы, Көлік қызметкерлері күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні ең төменгі жалақы (85 мың теңге) көлемінде біржолғы сыйақы алатын болады. Бұрынғы ұжымдық шартта тек екеу болатын.

-Жұпарбек Абзалбекұлы, елдегі ең ірі жұмыс беруші болып табылатын ҚТЖ сынды алып компанияда еңбек етудің қызығы да қиындығы да жетеді, осы салада жарты ғасыр тер төгіп келе жатқан жан ретінде қайсысы басым дер едіңіз?

- Екінің бірі теміржолшы бола алмайды. Біреулер үшін ол тек күнкөріс көзі, енді береулер бұл саламен біте қайнасып, әулетімен ата кәсіпке айналдырған. Сонымен қатар теміржолға байлап қойса да тұрмайтын, тұрақтамайтындар болады. Өндірістік сала болған соң қиындық пен қауіп-қатер, тәуекел қашан да болады. Бүгінде бізде ғана емес, бүкіл әлемде жағдай тұрақсыз, саяси, экономикалық, қаржылық жағдай қиындап кетті. ҚТЖ-ның қаржылық жағдайы қандай болса да теміржолшылардың еңбек жағдайын жасап, ұжымдық шарт талаптарын түгел орындап, әлеуметтік қолдауды толық көлемде көрсетіп отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Жаңадан локомотив пен вагондар сатып алып, магистральдық жолдарды да жыл сайын кезең кезеңмен жөндеп, жаңартып жатыр. Десек те, бұл бір алып сала, бір шетін бүтіндеп болғанша екінші шеті тоза бастайды...

Соңғы үш жылда өндірістік қызметкерлердің жалақысын көтеруге 282 млрд. теңге бағытталды. Еңбекақы қоры 2 есе өсті. 2023 жылы жалақы 20% - ға өсті. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26% асып түсті. Тек өткен 2023 жылы теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсартуда көп жұмыс жасалды. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделді. Теміржолшыларды жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынды. Шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылар үшін желі бойына 132 модульдік ғимарат орнатылды. Бүкіл Қазақстан бойынша теміржол аралықтарына қойылған 1224 жылыту пункті де жыл он екі ай сыртта жүретін теміржолшыларға қар мен жаңбырда, жел мен дауылда пана болуға арналған. Шатастырмау керерк, модульдік ғимараттар мен жылыну қомындары екі бөлек нәрсе. Міне, осының бәрін ескере келе, теміржолшылар өз кәсібінің бағасын біледі, игілігін де көріп отыр, қиындығына да төзе білетін қайсар халық дер едім.

- Әңгімеңізге рахмет, теміржолшыларға табыс тілейміз! Сұлугүл БАКЕСОВА

609
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Иранда Маңғыстау облысының мәслихаты мен Сари қаласының әкімшілігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Келесі жаңалық

Жартасты соқпақтың қауіпті аймағы жабылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ФотоДенсаулықСараптамаАшық қоғамБіле жүріңізҚоғамЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтарыАНТИКОРРедакция газеттері

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Бүгін 08:30
    100

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Бүгін 08:10
    65

    Маңғыстауда тыйым салынған жерге шомылған азамат теңізге батып кетті

    10 маусым, 08:06
    147

    Маңғыстау ауданындағы мектеп «ең үздік ауыл мектептерінің» тізіміне енді

    9 маусым, 16:34
    275

    "Араши ММА" федерациясы ел чемпионатында бірінші орын алды

    9 маусым, 14:40
    262

    «Қазақстан барысы-2024» турнирінде Маңғыстау атынан ағайынды балуандар бақ сынайды

    9 маусым, 13:40
    318

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»