Жаңару – табиғат пен адамның жаңаруы, жаңа өмірдің басталуы. Атаулы күн көктемгі ағаш егу дәстүрінен бастау алады. Осы мақсатта республикада ағаш отырғызу жалпыұлттық акциясы жүріп жатыр. Бейнеу ауданында орналасқан мекеме, кәсіпорын қызметкерлері де аталған акцияға үлес қосып, ағаш отырғызып, тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңару күні қарсаңында Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің Үстірт жалпы білім беретін мектебінде «Түлектер аллеясы» ашылды. Биыл орта мектепті аяқтайтын 32 түлек мектеп ауласына түрлі жеміс көшеттерін екті. Аллеяның ашылуына 1 сынып оқушылары да қатысып, алдыңғы буын аға-апаларынан үлгі алды. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, әр түлек оқушыларға отырғызған жеміс ағаштарын табыстады.
Түлектер аллеясы түлектердің өмірінде жаңа белестің басталуын білдіріп, қоршаған ортаға деген қамқорлықтың үлгісі болмақ.