Бүгін, сәуірдің 7 күні Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен «Өзенинвест» МКК және «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшыларынан құралған арнайы топ пен транспорттық техникалар су тасқыны болған Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласына көмек көрсету үшін жолға шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Өзенмұнайгаз” АҚ су тасқыны болған аумаққа қажетті 20 техника жөнелтті.
Техникалар қатарында, 4 дана Тралл, 4 дана Хон (погрузчик), 8 дана жүк көлігі, 1 дана УДС, 1 дана дизельді тасымалдаушы (соляровоз) және 2 автобус бар.
Оған қоса бөгет жасау, жаға бекіту жұмыстары үшін 400 дана күрек пен 16 мың қап, 80 дана су етік және қолғаптар жіберілді.
Атқарылатын жұмыстарға компанияға қарасты әр басқарма тарапынан жауапты қызметкерлер бекітілген және әр жұмысшысы құрғақ тамақпен қамтамасыз етіледі.