Жаңаөзен қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Ерік Жұмабаев жеке ауыл шаруашылығы ісін жүргізіп отырған жан. Ол жақында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 400 АЕК мөлшерінде 1,3 млн теңгені құрайтын грант алды. Алдағы уақытта сүт, құрт және ірімшік сияқты табиғи сүт өнімдерін өндіру үшін өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олардың ішінде бірінші топтағы мүгедек Эрик Жұмабаевта бар. Жақында мемлекеттен 1,3 млн теңге көлемінде грант ұтып алған, өз ісін дамыту үшін ол осы ақшаға ешкі сатып алып, сүт өнімдерін сатуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, кәсіпкер "Өзенмұнайгаз" компаниясымен тамақ қалдықтарын алуға келісім жасаған. Тағам қалдықтарын алған соң сұрыптаудан өткізіп, өзінің фермасындағы арнайы, құрылғы арқылы кептіреді. Бұл өңделген қалдықтар құрғақ мал азығы ретінде пайдаланылады. Оның айтуынша, бұл тәсіл экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді, өйткені ол тамақ қалдықтарын тиімді жоюға және үй жануарларые сапалы жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Болашақта ол бұл істі кеңейтіп, құрғақ мал азығын сатуды жоспарлап отыр.
Әкімнің қабылдауында Ерік Жұмабаев өзінің болашақ жоспарларымен бөлісті және оған екі бас асыл тұқымды мал сатып алуға қолдау көрсетуді сұрады.
-Үлкен жетістікке адам адал жұмыс істеп, жүз пайыз еңбектенген кезде ғана қол жеткізеді. Ең бастысы-өз ісіңі деген сүйіспеншілік. Қазіргі уақытта менің екі сиырым бар және мен жергілікті тұрғындарға сүт, қаймақ және ірімшік сияқты табиғи өнімдерді ұсынамын. Менің мақсатым - ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту, - деді Ерік Жұмабаев.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерге қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.