Кеше «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының қызметкерлері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Экоакция «Ақниет» саяжайында өтті. Акцияға партия филиалы қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, этнос өкілдері және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділерімен бірге саяжай аумағы қоқыстан тазартылды.
«Қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауаптымыз. Мұны естен шығаруға болмайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялау - міндет. Мұны Президент әр маңызды отырыста қозғап, халықтың есіне салып жүр. Мәселен сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясында бұл – бірреттік іс-шара емес екенін айтты. Ортақ іске әркім үлес қосса, еліміз көркейе түседі», - деді МО ІСБ Қоғамдық келісім кеңесінің Жаңаөзен қаласы бойынша төрағасы Темір Мусаев.