Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесі 30 мамыр күні анықталған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2004 және 1990 жылы туған ҚР азаматтары, сондай-ақ басқа да қатысушы тұлғалар сәуір айынан бастап Шаңырақ шағынауданындағы ғимараттардың бірінде заңсыз ойын бизнесін жүргізген. Тінту барысында департамент қызметкерлері 18 компьютер, чек-сканер, чек-принтер, чектер мен дәптер тәркілеген.
- ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды, - делінген Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарламасында.