© grani.lv
Ақтауда балабақшаларға азық-түлік жеткізетін жеке кәсіпкерлердің үстемеақысы азайтылып, 39 миллион теңге үнемделді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында Ақтау қаласындағы балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс бойынша азық-түлік жеткізетін жеке кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету туралы уағдаластық жасады.
- Қазіргі уақытта 25 мемлекеттік мекемемен қосымша келісім жасалды. Олардың қатарында балабақша-интернаттар, отбасылық үлгідегі балалар ауылы және басқа да әлеуметтік мекемелер бар. Тараптар келісімі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемеақысын 15%-дан асырмау көзделген. Осылайша бұл салада 39 миллион теңгеден астам мемлекеттік қаржы үнемделді, - делінген Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарламасында.