22 маусым күні Ұлттық ұланның Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінің жауынгерлері есірткі тасымалдаған азаматты ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Әскери жасақ басшысы Саят Өмірзақ белгіленген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүреді. Кешкі сағат 19:40 шамасы кезінде дүкеннің маңында тұрған белгісіз азамат әскери жасаққа күдік туғызады. Қызметкер күдік туғызған азаматқа өзін таныстырып, сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Осылайша күдіктінің қалтасынан қағаз бумасына оралған өзіндік өткір иісі бар есірткі затын тапқан. Ұландықтар күдіктіні Жаңаөзен қаласының Полиция бөлімшесіне жеткізді”, деп хабарлады ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 296 бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ұландықтар мамыр айында да қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық танытып, тұрғыннан есірткі затын тәркілеген болатын.