© mangystaumedia
Қайталанбайтын сұлулығы бар, түзілген тастарымен көпті тамсандыратын, туристердің жиі келетін орындарының бірі - Бозжыра шатқалы.
Бозжыра – Қарақия ауданы, Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан. Табиғат ананың өз қиялына ерік беріп, ақ түстерден ғажайып ландшафт жасаған Үстірт жазығы шыңдарының бір бөлігі. Биіктігі – 250 метр.
Тарихи-деректерге сүйенсек, сан мыңдаған жылдар бойы бұл аймақ мұхит түбі болған. Алайда, тереңдегі жер әрекетінің дамуымен мұхит кесінділері кей кезеңдерде уақытша болса да кейін шегінетін болған. Шегінген мұхит гигант толқындарымен жұмсақ әктас жарықшақтарын шайып, ақ-борлы таң қаларлық тау қалдықтары мен сайларды құрастырған. Жел мен жауын тасқындары қорытындылай қалыптастырған табиғаттың бұл әсем көрінісі бүгінгі таңда өлкеге енді ғана келе бастаған туристерді таң қалдырып отыр.
Шағын Бозжыра жазығы үш жағынан табиғат қиялының амфитеатрымен қоршалған. Бұл жерде сайлар, құздар, тау-мұнаралар, тау-қамалдар - бәрі аппақ. Бозжыраның тау шоқыларын айналып қараған кезде, құдды-бір өзінің ажарын құбылтып тұрғандай көрінеді. Назданған шоқылар мұнарланған қиян далаға қарап, Маңғыстаудың ұлы нышаны - алып тас үйдің тыныштығын күзетіп тұрған үнсіз қарауыл секілді.