© Видеодан скриншот
Жаңаөзенде "Прокурор тәрбиесі" жобасы аясында түнгі рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз жүрген 11, сондай-ақ, түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 40 кәмелетке толмаған жастың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейд Жаңаөзен қаласы прокуратурасының бастамасымен полиция басқармасының ювеналды полиция тобы ұйымдастырды. Негізгі мақсат - қала аумағында кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың өсуіне және кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасады.