Маңғыстау облысы ел бойынша туу көрсеткішінен көшбасшы өңір атанды. Алайда соңғы 5 жылда бала туу көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенованың айтуынша 2019 жылдан 2023 жылға дейін туу көрсеткіші 28,55-тен 26,74-ке дейін төмендеген. 2019 – 2023 жылдары туылғандар саны 20347-ден 20858-ге дейін артқан. «Жүкті және әйелдердің фертильді жасының тізіміне» сәйкес көпбалалы ананың саны 428-ден 2718-ге дейін өскен.
Облыстық перинаталдық орталықта 2019 жылы– 136, 2020 жылы - 147, 2021жылы- 169, 2022 жылы - 177, 2023 жылы – 155 егіз дүниеге келді. Ал - 2019 жылы– 4, 2020 жылы - 2, 2021 жылы - 3, 2022 жылы - 2, былтыр – 4 үшем өмірге келді. 2020 жылы 1 төртем туылды.
Айта кетсек, облыстық перинаталдық орталықта туа біткен ақауы бар жаңа туған нәрестелерге, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты қалпына келтіру бойынша әйелдерге күрделі операциялар жасалады.