© Архив
Жаңаөзен қаласы Полиция Басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ғимараттардың қабырғасынан есірткі жарнамалаған граффити жазбаларды кетірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полиция қызметкерлері қаланың барлық шағын аудандарын бақылап, 7 есірткі жарнамасын жойған. Қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Райымгүл Махамбетова полиция халық көп шоғырланатын жерлерде тұрғындарға ескерту жасалғанын, есірткі жарнамасын жою шарасы үнемі өтетін, күн тәртібінен түспейтінін мәлімдеді.
2023, 2024 жылдары Жаңаөзенде есірткі жарнамасын жасау фактісі тіркелмеген.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 299-бабы, 1-бөлімі, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектес заттарды, прекурсорларды насихаттағаны, заңсыз жарнамалағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін бас бостандығы шектеледі.